macOS операциялық жүйесі орнатылған клиент құрылғыларына қосылу

Әкімші macOS операциялық жүйесі бар құрылғыларға қосылу үшін Virtual Network Computing (VNC) жүйесін қолдана алады.

Қашықтағы жұмыс үстеліне қосылу Басқару сервері құрылғысында орнатылған VNC клиенті арқылы жүзеге асырылады. VNC клиенті пернетақта мен тінтуірдің көмегімен басқаруды клиент құрылғысынан әкімшіге ауыстырады.

Әкімші қашықтағы жұмыс үстеліне қосылған кезде, пайдаланушы әкімшіден хабарландырулар немесе қосылу сұрауларын алмайды. Әкімші клиент құрылғысында қолданылатын сеансқа, сол сеанста жұмыс істейтін пайдаланушыны ажыратпай, қосылады.

VNC клиентін пайдаланып macOS операциялық жүйесі бар клиент құрылғысының жұмыс үстеліне қосылу үшін келесі шарттар орындалуы керек:

Virtual Network Computing жүйесі арқылы клиент құрылғысының жұмыс үстеліне қосылу үшін:

  1. Басқару консолі ағашына қатынасқыңыз келетін құрылғыны таңдаңыз.
  2. Құрылғының мәнмәтіндік мәзірінен Барлық тапсырмалар → Байланысты туннельдеу тармағын таңдаңыз.
  3. Ашылған Байланысты туннельдеу терезесінде келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
    1. 1. Желілік порт бөлімінде қосылу қажет құрылғы портының нөмірін көрсетіңіз.

      Әдепкі бойынша порт нөмірі – 5900.

    2. 2. Туннельдеу бөлімінде Туннель жасау түймесін басыңыз.
    3. 3. Желілік атрибуттар бөлімінде Көшіру түймесін басыңыз.
  4. VNC клиентін ашып, көшірілген желілік атрибуттарды мәтін өрісіне қойыңыз. Enter пернесін басыңыз.
  5. Пайда болған терезеде сертификат параметрлерін қарап шығыңыз. Егер сіз сертификатты пайдалануға келіссеңіз, Иә түймесін басыңыз.
  6. Түпнұсқалық растама терезесінде клиент құрылғысының есептік деректерін көрсетіп, ОК түймесін басыңыз.
Басына оралу